ОРАЛМАН ДЕГЕН КІМ?

/uploads/thumbnail/20170708233239290_small.jpg

Оралман деген кім?- десең,

Шошқаның етін жемек түгілі,

Бейнесіне де қарамаған,

Сан тарих самайын жаралаған.

Есін жиып еліне оралғанда,

"Қашқынсың",-деп бауыры қаралаған.

Қалтасында көк тиын болмаса да,

Адамнан нан сұрауды қаламаған.

Тіл мен діні қалпында жойылмаған,

Пәктігіне еш шекіт қойылмаған.

Қазақстан қазағы мойындамай,

Бүкіл алем {момын} мұхмын деп мойындаған.

Баласы 4 жасында атқа мінген,

Патшадан да байсалды таққа мінген.

Атасының қылышын дат бастырмай,

Торғынға орап төріне сақтап ілген.

Қыздарының балтыры ашылмаған,

Жаратқаннан басқаға бас ұрмаған.

Сәлем берген адамды туыс көріп,

Көңіліне құпия жасырмаған.

Нәрестесі көзді ашып бесік көрген,

Жердің жүзін аралап көшіп көрген,

Қазақстан шаңырақ көтергенде,

"Бір уығы болам!", - деп көшіп келген.

Жөнсіз жолды жақын деп басқан емес,

Кіндігі мен тізесін ашқан емес.

Кеткені рас дін, тілін сақтау үшін,

Бекер босқа, тентіреп қашқан емес.

Туған жер топырағын шытқа түйіп,

Сағынғанда соны иіскеп жылап жүрген.

Ұрпақ үшін ертеңгі жосып жүрген,

Баласы да жауынгер есін білген.

Жантаятын жаттық жер таппағанмен,

Ат жалында намазын оқып жүрген.

"Қашқынсыңдар!"-дейтұғын өкпешіл көп,

Ел болған соң ұялмай жеткесің деп.

Еру елдің сүзеген тайыншалары,

Іресе де үндемей өкпесін көп.

Міне осылар сіз айтқан оралмандар,

Шетелде емес үйге кеп тоналғандар.

Мың жығылып, мың тұрып мұқалмайтын,

Сабырлықпен бәріне төзе алғандар.

"Оралман",-деп бауырым жамандама,

Теңге, доллар тапсыр деп жалаңдама.

Дамытпаса оралман кемітпейді,

Алаңдама, олардан, алаңдама!

Лайы жоқ, тап-таза тілі тұнық,

Ей, бауырым! Қарайсың неге суық?!

Орыс, Карис, немістің баласы емес,

Үрікпе, өз туысың саған жуық.

Қасымыз жоқ, қарсы алар досымыз деп,

Келгендерге құшақты ашыңыз көп.

Алтын іздеп келмеген, асыл іздеп,

Атасының келгендер басын іздеп.

Ойламаңдар болды деп ауыр салмақ,

Әр пендені тұрады тәңір қолдап.

Ырыздықты беріуші тек бір Алла,

Дәметпейді сіздерден жарты жармақ.

Білім іздеп келгендер, ғылым іздеп,

Колбаса мен келмеген шылым іздеп.

Іздеп келген ағамыз, ініміз деп,

Туыстықтың қадірін біліңіз деп.

Боқшылық дүниені бір-ақ тастап,

"Елін",-іздеп келгендер "Елін",-іздеп!

Мұхтар Ноғайбекұлы

 

Қатысты Мақалалар