Жұмабек Тұрсын, 1986 жылы Іле қазақ автономиялы облысы, Күнес ауданында туылған. Бойы: 1,72 м. Салмағы: 60 кг.
Қытай елі «Айбарлы жолбарыс» атаған Жұмабек ережесіз төбелестен 25 рет ақтық шайқасқа қатысып, 25 рет жеңіске жеткен. Тек Қытай «мықтыларын» ғана емес Тайланд, Оңтүстік Африка елдерінің де спорт шеберлерін тізе бүктірген. Ол туралы қытай журналистері былай деп жазады: « Ол дене бітімі кішкене болғанымен, нағыз күштің иесі. Көп кездесулерде өзінен әлдеқайда денелі қарсыластарын тізе бүктірген. Жұмабек қазақтың баяғы батырларындай сайыс алаңына шыққанда көкжал қасқырды елестетеді. Ол бокс пен күрес техникасын жетік меңгерген, сондай-ақ тек қара күштің ғана емес керемет шеберліктің де иесі».
Пікір қалдыру