Баян Есентаева мен Төреғали Төреәлі не үшін дауласып жүр? Бұл сұрақтың жауабын 31-арнадағы «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасы іздеп көрген.
«Алло» әні хит болған сайын, оның төңірегіндегі дау да толастар емес. Әсіресе, Төреғалидің әкесі әрі продюсері Төреәлі Төлеповтің мына бір мәлімдемесі Баян Есентаеваның қатты ашу-ызасын туғызды, - дейді арна.
Төреәлі Төлепов, продюсер:
- Еркені жұлдызға айналдырған Төреғали. Осыдан жеті, сегіз жыл бұрын танылса қайда жатыр.
Осыдан кейін продюсер Баян Есентаева Төреғали туралы пікірлерін қарша боратты. Айтуынша, бүгінде сұранысқа ие "мега жұлдыз" қаржы мәселесінде уәдесінде тұрмаған. Қос әншінің бағын ашып, жұлдызын жаққан "Алло" әнімен гастролдік сапарға бірге шыққан әнші «Ерке Есмаханға соңғы қаламақысын төлемей қойды», - дейді Баян.
Баян Есентаева, продюсер:
- Он не один певец в эстраде, и его отец не один продюсер. Нас много.
Осылайша,сыйластықпен басталған өнер жолындағы дуэттің басы бір қазанға сыймай тұр.