Танымал эстрада әншісі ресейлік жұлдыз Ньюшамен тойға шығып жүр, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Жартылай жалаңаш әншімен Қайраттың ән салған сәті түсірілген видео Instagram желісінде жарияланды. Видеоға қос әншінің «Алматының түндері-ай» әнін орындап жатқан сәті түсірілген.
Қайрат Нұртастың тыңдармандары әншінің бұл қылығына түрлі баға беруде. Аікір жазушылардың көбі Ньюшаның киім үлгісін сынға алған. Алайда, «Ньюшасыз-ақ қазақ қыз, келіншектерінің де киімі жетісіп тұрған жоқ» деушілер де табылған.