Қазақ эстрадасындағы танымал әншілер Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің жанкүйерлері бір сыналғалы тұр. Екі әншінің қайсысы мықты екені интернет арқылы дауыс беру жолымен анықталады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы NUR.KZ- ке сілтеме жасап.
NUR.KZ сайты екі әншінің ел ішіндегі беделін «Олимп шыңын кім бағындырады?» жобасы арқылы сынап көрмек. Жобаның алғашқы байқауына осы екі әншінің таңдап алынуы да тегін емес.
«Өздерінің алғашқы «батлдарын» Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртас бастайды. Ол екеуі де танымал, екеуінің де ата-анасы – продюсер, екеуінің де артында қыруар қолдаушылары бар», - деп жазады портал.
Қазір сайтта екі әншінің қайсысының дауысы мықты екенін анықтау үшін дауыс беру жүріп жатыр.

Алғашқы күннің нәтижелері Төреғалидың жанкүйерлерін қуантып отыр.