Шыныменен жер сатылып кетеме,
Бұл сынақтан сүрінбей ел өтеме.
Жалғыз сиыр жаятұғын жер таппай,
Жер саудасы – түбімізге жетеме?
Мансаптылар, байлар сатып алама,
Шетелдіктер қалаларын салама.
Бақыр тиын ақшасы жоқ жүрген ел
Ескерусіз айдалада қалама?
Күнде уайым, көңіл әттең алаң-ә,
Ұрпақ үшін тоқымдай жер қалама.
Алтын, күміс, мұнай кетті.
Жер кетсе
Не қалдырдым дейсің ертең балаңа.
Ел алаңда ұйқың тыныш қанама,
Көл толқымай тұрады деп санама.
Ата-жұртты қорғап келген қан төгіп
Бабаларым жанын еткен садаға.
Мына тірлік қонбайды еш санаға,
Халқымыз жүр жұмыс іздеп қалада.
Ханмен қара бір-бірімен санасып,
Қазағымның бақ жұлдызы жанама?
Елбасымыз жол таппайма балама,
Әлде шалыс қадамдарға барама.
Есеңгіреп жүрген қайран қазақты,
Тажалдардың талауына салама?!
Бар бйлығың кетті ұшіп күл болып,
Билігіңнің көздегені пұл болып.
Кетпесе екен жат жұрттыққа телмеңдеп,
Қымыз күң, ұлдарымыз құл болып.
Нұрбақыт Байрахметұлы