Алматыға «бөтен» көліктер ақша төлеп кіретін болады

/uploads/thumbnail/20170709002124413_small.jpg

Бүгін Бауыржан Байбек басқа қалалардың автокөліктерін қалаға кіргізуді шектеу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.

Баспасөз мәслихатын өткізген Бауыржан Байбек қаладағы ақылы автотұрақтардың тәртібін ретке келтіру керек деп отыр.

«Тұрақта тұратын көліктерді алып тастаймыз. Автотұрақ ережесін бұзған жағдайда қатаң жазалаймыз. Мұның барлығын бірте-бірте жасаймыз, уақыты келгенде қалаға ақылы кіру мәселесі шешіледі», -  дейді қала басшысы.

Әкімнің мәліметінше, қалада бүгінде 570 мың автокөлік тіркелген, тағы 250-270 мың автокөлік күн сайын мегаполиске сырттан кіретін көрінеді.

Қала басшысының айтуынша, бүгінде тұрғындарға жеке көлікті емес, қоғамдық көлікті пайдалануға ынталандыру жұмыстары жоспарланған.

«Біз такси тұрақтарын шартты түрде сағатына 100 теңге төлейтіндей етеміз. Егер нәтиже шықпаса, онда сағатына 500 теңгеге дейін көтеріп қоямыз. Сонда адам өзі есептей бастайды»,-дейді қала әкімі.

Әкім бұл мәселеде алдымен адамдардың санасына өзгеріс енгізу керек деп санайды. «Бізге экология керек пе, әлде бәріміздің көлікпен жүргеніміз керек пе? Не істеу керек? Осыны анықтап алу керек», - дейді Бауыржан Байбек.

Қатысты Мақалалар