Дат, тақсыр !

/uploads/thumbnail/20170709002117147_small.png

Ер едім ел дегенде ерленетін, 

Бұрайын ақиқаттың сөзге бетін. 

Жер сатылад, жер жалға берілед деп, 

Дөкейлер көрсетуде төрде десін. 

 

Бұны ойлап кеңірдектен ас өтпейді, 

Түрі жоқ шенділердің шерленетін. 

Жерді сату емес пе елді сату, 

Отанның опырғандық белдемесін. 

 

Өзіне баянсыз жер болғандықтан, 

Осында бұрған еді өзге көшін. 

Қорқыттың көрі болса қайда барсақ, 

Жылжыды жылы орыннан ел де несін? 

 

Түймедей топырағын аңсап келген, 

Басқаға бауырластар сенбегесін. 

Жалғандық жарнамасы жалға беру, 

Жай емес көңіл көншіп, көз көретін, 

Қайтармай ма қазыналы кендерімен, 

Орманы өзгергесін өң беретін. 

 

Арынан айырылған қыз секліді, 

Тоналған жат қолында жер де жетім. 

Патшаның маңында жүр кейбіреулер, 

Опасыз осыны да жөн көретін. 

 

Жеке бастың қамы ғой жезде менен, 

Жең ұшынан жалғасқан жеңге болсын. 

Ұятты боп жүрмейік бабаларға, 

Құмартып құлқын ұшын теңгеге тым. 

 

Шекараны бойлата шебін құрып, 

Жетерлік жерлерге атқан ер жебесін. 

Солардың қаныменен қалған дала, 

Қазаққа мекен қара көмбе болсын. 

 

Сетінеп жермен бірге берекеміз, 

Сергелдең күй кешпейік сенделетін. 

Ескерсеңіз еліңнің даты осылай, 

Хан еке мемлекетті меңгеретін. 

Жем болып кетпейкші құзғындарға, 

Жер қалмай бір күндері жерленетін!

Ерлан Төлеубайұлы 

2016-жыл 22-сәуір 

Қатысты Мақалалар