Алматыда әуежайында рейстер бөгеліп жатыр. Бұл туралы нысанның онлайн-таблосында көрсетілген,- деп хабарлайды Qamshy.kz.
Алматыдан Астанаға ұшатын рейс уақытынан кешігіп жатыр. Ақтау, Мәскеу, Антальяға екі рейс ұшпайтын болды.
Астанадан Алматыға келуі тиіс екі рейс бөгеліп жатыр. Ақтау, Антальядан жоспарланған рейс келмейтін болды.
Ұшақтардың ұшу кестесі 30 минуттан 6-7 сағатқа дейін бұзылды.