Абайды қайталап оқыдым да өзімді адам деп айтуға дәтім бармай, бар болмысымды құр жыбырлаған жәндіктей сезініп жатырмын... Жүректе қайрат та жоқ, көкке еркін қарауға дәрмен де жоқ екен. Біз бәріміз өмір сүріп жатқан жоқ екенбіз. Бойымызда жылу да жоқ, сәулесіз қара денелер ғанамыз. Артық айтсам, айыптамаңыздар. Қайратсыз, жылуы жоқ жүректе қайдан қайсар рух болсын! Тоқ келмеген электр шәугім сияқтымыз...