Асыл Махметов: "Еларнаның" дәурені бітіп, "24kz"-тің дәуірі туды

/uploads/thumbnail/20170708151458757_small.jpg

Ағайын, "Еларнаны"  жоқтап болдық!  Енді назарды "24kz"-ке бұрайық. Жылай бергеннен ол канал қайтып келмес. Он жылдың ішінде "Еларна" талай жұлдыздың бағын ашты, көрермен көзайымы болды. Әсіресе, өткен жылдың соңында жаңа бағдарламалар ашылып, арна жастардың сүйіп, әжелердің ұйып көретін аранасына айналды. Амал нешік, ғұмыры қысқа болды!  Арнаның өсуіне ат салысып, халықты жалықтырмайтын жобалар жасаған азаматтарды көрермендер ұмытпақ емес. Ендігі дәуір "24"-тікі! Тәулік бойы жаңалық таратын жас арнаның шабысына қиқу қоса отырыңыздар! Кемшілік іздесек кез келген каналдан табуға болады. Орынды сынды қашан да қабылдауға дайынбыз. Әрине, сапа жағынан әлі де ақсап тұр арна. Бірақ, бұл уақыттың еншісіндегі мәселе. Жас журналистердің жігері де талабы да баршылық. Илегеніміз бір тернінің пұшпағы емес пе? Сондықтан, 24 кз-тен жақсы жаңалық күтіңіздер! Үмітті ақтау үшін барымызды саламыз!

Қатысты Мақалалар