Қостанай облысының прокуроры қызметтік көлікпен фитнес-клубқа баратыны туралы видео жарияланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.
Сайттың жазуынша облыс прокуроры Марат Қайыпжановтың қызметтік көлікпен фитнес-клубқа баратыны, ал, оның орынбасары Болат Челикеновтің қызметтік көлігі мектептен бала таситыны түсірілген видео YouТube желісінде жарияланған. Екі видеодағы оқиға да жұмыс уақытында түсірілген.
Облыстық прокуратура осы мәселеге орай түсінік беріп, онда прокурордың қызметтік көлікпен фитнес-клубқа баратынында ешқандай заң бұзушылық жоқ екені айтылған. Аппарат жетекшісі Асхат Ибраев дайындаған жауап хатта «Прокуратура оргнадарының біріңғай құқыққорғау органдары жүйесіне енетіні және оның қызметкерлері ұдайы дене дайындығымен айналысу керектігі, сол үшін де облыстық прокуратура басшысы қызметтік регламентте көрсетілген уақытта спортпен шұғылданатыны, ал, спорт орталығына өз қалтасынан қаржы төлейтіні» жазылған.
Ал, екінші видео кейіпкері М. Челикеновке қатысты жауап хатта оның еңбек демалысын Ресей Федерациясы аумағында өткізіп жатуына байланысты ештеңе айтылмаған.
Пікір қалдыру