Астанада жер комиссиясының алғашқы отырысы басталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Елбасының тікелей тапсырмасымен елдегі жер реформасына қатысты заңнамалық актілерді қарап, даулы мәселенің түйінін шешуге тиіс комиссияның бүгін алғашқы отырысы басталды. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің өкімімен құрылған комиссия құрамына 70-тен астам азамат кіріп отыр. Негізінен мемлекеттік органдар өкілдері мен парламент депутаттарынан тұратын комиссияға сондай-ақ, жер реформасына белсенді түрде наразылық танытқан қоғам қайраткерлері де бар.
Астанадағы Орталық музейде өтіп жатқан жиынға ақын Мұхтар Шаханов бастаған бір топ белсенді де қатысуда. Әзірге олардың ешқайсысы комиссия жұмысы туралы БАҚ-қа пікір білдірмеді.
Ақын Мұхтар Шаханов отырыс алдында журналистерге:
«Барлық сұрақтарға жауап беремін. Тек комиссия отырысана кейін. Дайындалуға уақыт беріңіздер»,- деп мәлімдеген.

Жиынның қалай өтіп жатқанын журналистер арнайы бөлінген залдағы экраннан тамашалауда.