Е.Досаев,Қ.Қасымов,Т.Мамашев,Т.Дүйсеновалар тақта отырғанда көшті ұмытудан басқа амал жоқ. Үш министрлікте үш көші- қон комитеті бар. Онда "Көш" дегенді түсінетін, ұғатын, білетін, тіпті шындап келсе, қазақша білетіндер аз. 23 жылда көшті бір дұрыс адам басқарған жоқ. Осылай көш тоқтады. Енді, көш келеді деп ойлама. Бес жыл көші қон полициясының қалтасын толтырып, есігінің алдында тозу үшін, бюрократтығын заңмен дәлелдеген елге қандай басы ауырған ақыл есі дұрыс азаматтар келеді?! Келгендер тозып, ҚР Президенті, Бас прокуроры, ІІМ-не арызданумен тозып жүр. Оның үстіне бір отбасын екіге бөліп қойған. Шал мен кемпіріне ҚР-ның азаматтығын бергенмен, келінімен ұлына жоқ. Келіні босанса не неке куәлігі, не туу туралы куәлігі, не жәрдемақы жоқ. Оның үстіне штрафты күн сайын қосып, есептеп отыр. Осыма, келгенінің көргені? Бұл туралы жоғарыдағы үш көші-қон комитеті білмейді де. Білсе де "заң солай, бұл аз"- деп одан ары қорқытуда. Келгендер қайтып кетуге де шамасы жоқ. ҚР-ның келешек бомжысына айналады. Өз қазағың өз еліңде полицияның есігінің алдында тозып, сорлап, өлуге жақын қалды.Соның қамын ойлауымыз керек! Айтуға ұятты! Олардың өздеріне бірнеше рет жаздым. Қазағы, халқы үшін неге бүйрегі бұрылмайды? Бұл үшін көп нәрсенің керегі жоқ қой.
. Былық өте көп. Ал, оны реттеуге ешкімде құлық жоқ!
Шаяхмет Бұрқанұлы