Qamshy.kz порталының хат қоржынына өздерін Алматы қаласы Алатау ауданының тұрғындары деп таныстырған Әділет Аханов, Найза Құсбеков есімді азаматтардан хат келді. Хат жолдаушылар қала басшылығының, атап айтқанда Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының азаматтар мен заңды тұлғаларға түрлі мақсаттағы жер учаскелерін беру, қайтарып алу жұмыстарын сынға алып, басқармада жемқорлық әрекеттердің жоқ еместігін айтады. Хат авторлары Жер қатынастары басқармасындағы бірқатар былыққа басқарма басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Құлболдиновтың тікелей қатысы барын айтып отыр. Хатта баяндалған жәйттер туралы Алматы әкімдігіндегі лауазымды тұлғалардың пікірін білмек болып, қалалық жер қатынастары басқармасына хабарласқанымызда өзін Гауһар деп таныстырған басқарманың бас маманы мұндай мәселелер бойынша мәліметті тек әкімдіктің баспасөз қызметінен ғана ала алатынымызды жеткізді. Ал, баспасөз қызметіндегілерден «Сұрақтарыңызды жазбаша түрде жолдаңыздар. Бір аптаның ішінде жауап қатамыз» деген жауап алдық. Даулы мәселеде қос тарапқа да ақпарат алаңын ұсынатынымызды ескерте отырып, порталымызда Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшылығының қызметіне қатысты орыс тілінде келіп түскен сол хаттың қазақ тіліндегі аудармасын жариялап отырмыз.
«Елде соңғы уақытта жер заңнамаларына қатысты оқиғаларға және халық наразылығының күшеюіне байланысты Алматы қалалық Жер қатынастары басқармасындағы басқарма бастығының бірінші орынбасары Құлболдинов Нұрлан Тәңіртайұлы бастаған лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жөнінде хат жазып отырмыз. Н. Құлболдинов жер мәселелерін 2007 жылдан бері басқарып келеді. Біз, Алатау ауданының тұрғындары 2005 жылдан бері өтініш беріп, 5 сотық жер алуға қол жеткізе алмай отырмыз. Бізге ылғи «Жер су қорғау аймағы, қызыл жолақ» сияқты себептерді алға тартып, өтінішіміз қанағаттандырылмауда. Оның жеке қабылдауына барғанымызда Н. Құлболдинов мырза өзінің ештеңе шешпейтінін, біздің өтінішімізді жаңа әкім орындатпай отырғанын айтты. Ал, Н. Құлболдиновпен жақсы таныс бір азамат барлық мәселені тек Н. Құлболдиновтың өзі шешетінін, мәселенің барлығы ақшаға және оның сомасына қатысты екенін айтты. Н. Құлболдиновтың танысы сондай-ақ, оның бірнеше әкім ауысса да орнынан кетпейтінін, қаладағы бірқатар мәселені сол шешетінін, тіпті, прокурор, қаржы полициясымен байланысының мықтылығын, жаңа әкіммен де тіл табысқанын айтып, 7 жыл бойы жер комиссиясын өткізіп, ол комиссияға өзінің айтқанын орындатып келе жатқанымен мақтанды», - деп жазады хат авторлары.
Хатта сондай-ақ, «Н. Құлболдинов жерлесі және немере ағасы Ерлан Жармұхамбетовты тәркілеу бөлімінің бастығы етіп қойып, миллиардтаған ақша тауып отыр. Ал, Әуезов ауданында өз ақшаларына көп қабатты кешен салуда», - делінген.
Хат авторлары «Н. Құлболдинов басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топ қалада ешқандай кезексіз жеке тұрғын үй құрылысына арналған (ИЖС) 3000-нан астам жер учаскесін жекешелендіріп, өз туыстарының атына рәсімдеп алды. Жер комиссиясындағы барлық мәселелер тек сол арқылы және қымбат «ставкамен» шешіледі. Сондықтан, көп адам онымен дауласудан ештеңе шықпайтынын біліп, мәселені ақшамен шешеді. Ал, бізде ондай қаражат жоқ. Біреулер отбасымен баспасаныз, бұрыш-бұрышты паналап жүрсе, ал, біреулер соларға тиесілі үлестен пайда табуда және ешқандай да жазаға тартылмай келеді», - дейді.
Редакцияға келген хат «Әрине, осындай адамдар Президент саясатын жерге қаратып, әлеуметтік шиеленіс пен азаматтардың наразылығын тудырады. Сіздерден халықтың соңғы үміті ретінде осы айтылғандарды қала әкіміне жеткізуді, мәселенің мән-жайын анықтауға, жер учаскелерінің оған шын мұқтаж азаматтарға әділ жолмен берілуіне көмектесуді сұраймыз», - деп аяқталады.
Хаттың орыс тіліндегі толық нұсқасы (Ескерту: Хат өзгеріссіз жарияланып отыр):
От жителей Алатауского района
Аханов Адилет, Кусбеков Найза
В связи последними событиями в стране по поводу земельного законодательства и не довольствиями наших граждан обращаемся к Вам по поводу незаконных действий должностных лиц в Управлении Земельных отношений города Алматы в лице первого заместителя руководителя Управлений Кулболдинова Нурлана Таниртаевича который руководит по земельным вопросам с 2007 года. Мы жители Алатауского района обращаемся с 2005 года не можем добиться справедливости получит 5 соток земли нам отказывает по причине в водоохраной полосе, красная линия. А когда мы у него на приеме были он сказал что я ниче не решаю, Вам отказывает новый аким и его команда.
А его хороший знакомый нам сказал, не мучайтесь, все решает он только вопрос в цене и не дешево. Он похвалился что его друг незаменимый сколько акимов и начальников поменял, 7 лет Земельную комиссию проводил и в комиссие что он как скажет так и будет, все вопросы в городе он решал и всех в городе включая прокуроров и фиников завязал и новым акимом язык нашел.
Своего земляка и двоюродного брата Жармухамбетова Ерлана поставил начальником отдела изъятии и миллиарды заработал, а в Ауезовском районе за свои средства строят многоэтажный комплекс.
Организованная преступная группировка во главе Кулболдиновым приватизировали более 3000 участков в городе без очереди даже он всех своих родственников и знакомых оформил земельными участками под ИЖС и искал за оплату на кого можно предоставить, потом своим родственникам переоформить, и все вопросы Земельной комиссии через него со своей ставкой (не дешево). Так что с ним бесполезно спорит лучше оплатить. А у нас таких денег нет когда люди семями скитаются по углам и на улице, кто то зарабатывает на ихнем несчастье и ходят без наказанно.
Конечно такие люди подводять политику прездента и порождает социальные напряжение и недовольствие граждан.
Просим Вас как единственный надежда народа помощи разобратся и донести акиму города Алматы и предоставит земельные участки только нуждающимся гражданам Казахстана по справедливости.