Король – мінбеде,
Ферзі – түрмеде.
Жаналғыш – егіз,
Жандайшап – сегіз.
Бір піл – үндіс,
Бір піл – кәріс.
Бір ат – қытай,
Бір ат – орыс.
Бір құл – қашты,
Бір құл – састы.
Кемемен көшті,
Ұшақпен шашты...
Уәкіл Теміртаудан өсті,
Уәзір Темірторға көшті...
Бір құлды сайлады Ферзі етіп –
КГБ кигізген керзі етік!
Керзі – дұңғанда!
Ферзі – зынданда...
Ақ – ұтылды,
Қара – құтырды!
Әңгіме ашығы:
Алтынды тасыды...
Мұнайды тасыды...
Тобыр – қарынын сипады,
Ұлт – басын қасыды...
Миым ашыды,
Жаным ашыды...