"Ұлы дала баласы" деген атаумен Қазақстанның барлық аймақтарын аралап, концерт беріп жүрген белгілі әнші Төреғали Төреәлі Таразда "кондуктор" болып жүр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Әнші өзінің кезекті кешінің алдында осылай қоғамдық көлікпен серуендеп, бір күн мамандығын ауыстырып көруді шешкен.
Кондуктор Төреғалидың бұл қылығын тыңдармандарының бірі "кезекті рекламасы" десе, енді біреулері қолдап қуанып жатыр. Тіпті "бұл Төреғалидың өзі емес" деушілер де табылды.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің "Ұлы дала баласы" атты кеші бүгін Тараз қаласында өтеді.