Мен өзім ойлаушы едім осы елді жеп жат елге қашқандар бұл елді сорлатты деп. Көп байлықты тасып, елді жасытты деп. Әйткенмен ой түбіне ой тастасам мұның да бір Алладан қайыры бар екен. Ақыры олар тәубаға келмейді екен, елге қайта көшуге көнбейді екен, байқасақ олар осы елдің бұл дүниесінен қарағанда ең қиын кезең ғарасаттағы халқының халін ойлаған «қаһармандар» екен.
Бажайласақ бұлар әу баста осы елмен келіскен тәрізді. «Біз осы елдің байлығын жеп, жат жерге қашамыз. Сол жерде сақтап күн ертең махшар майданында өздерің халдерің мүшкіл болып, қайда баратыныңдарың білмей сасқан шақта біз алдарыңнан шығып, сол байлықты сендерге қайтарамыз. Бірақ, ол жақта бұл байлықты тасу мүмкін болмағандықтан сендер біздің сауаптарымызды аласыңдар. Әлбетте бізде сауап жоқтығынан сендер күнәларыңды миллардтап бізге аударасыңдар. Сендерді тозақтан құтқарудың бір амалы осы» деп.
Иә, олар содан бері халықтың байлығын қазып әкетіп, елінен, жерінен безіп, Еуропаны кезбедей кезіп жүр. Олар ойлайды, біз осылай елден жеген дүниеге қарық болып бұл өмірден өтеміз деп. Алайда олар қазақ деген халықтан безіп, Аллаға қарай қашып бара жатқандарын қайдан білсін! Иә, сендер қаша тұрыңдар, халық та күте тұрсын. Қанша дәулетті болсаң да, неше шалқып жүрсең де күн ертең Алланың алдында қара бақырға дейін есеп бересің.
Сен үшін жасасын жаһаннам!
Мұхитдин Исаұлының Фейсбуктегі парақшасынан алынды