Федералдық тергеу бюросы Хиллари Клинтон жазаланбайды деді. Барак Обама мен Хиллари Клинтон Дональд Трампқа қарсы тізе қосты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
АҚШ федералдық тергеу бюросының директоры Джеймс Коми сейсенбі күні АҚШ бұрынғы мемхатшысы Хиллари Клинтонның жекелік электоронды почтасына қатысты іске байланысты оның қылмыстық айыпқа тартылмайтындығын жариялаған болатын. Федаралды тергеу бюросының бұл хабарламасынан көп өтпей-ақ, АҚШ президенті Барак Обама Хиллари Клинотонның үміткерлігін қолдап, халық алдында сөз сөйледі, - деп жазады USA today. Бұл 2016 жылғы алғаш рет президент Барак Обаманың Хиллари командасымен тізе қосатынын жариялағаны дейді аталған ақпарат көзі. «Бұл офисқа Хиллари Клинтондай лайық келетін ешқандай ер немесе әйел адам жоқ», - деп сөзін бастаған АҚШ президенті Хиллари Клинтонның балалар денсаулығы және кедейлік мәселелері жайындағы жұмыстарын жоғары бағалайды.
Оған қоса, экс-мемхатшының экономикалық жоспарларын да қолдайтындығын жеткізді. Ал, республикашылдар атынан үміткер миллиардтер Дональд Трамп федералдық тергеу бюросының хабарламасынан кейін: «Бұл жұйе бұрмаланған. Бәрі-әділетсіз! Бұрынғыдай жаман шешім»,-деп жазған твиттерде.
Талғар Дәлелғазы, Чикаго, АҚШ.
Дереккөз: USA Today, Yahoo News.