Жеті айдан бері жалақы алмаған маңғыстаулық мұнайшылар бас көтерді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709043352924_small.jpg

Жеті айдан бері жалақы алмаған маңғыстаулық мұнайшылар бас көтерді, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.

Маңғыстауда мұнайшылар тағы бас көтеріп жатыр. Айтуларынша, жалақы алмағандарына жарты жылдан асқан. Кен орны ашылған күннен  бастап қызмет етіп келе жатқан азаматтар өздері қызмет ететін «Мұнай-Оңтүстік» компаниясы  ақымызды бере алмай отыр дейді.

Маңғыстау облысына қарасты Боранқұл ауылының жұмысшылары өздері қызмет ететін «Мұнай-Оңтүстік» кен орнына басшыларына наразы. Жарты жылдан бері жалақыларын алмаған азаматтардың бірі - Балтабек Исаев. Айтуынша жалақысыз отбасын асыраудың өзі қиынға соғыпты.

БАЛТАБЕК ИСАЕВ, жұмысшы:

- Жеті айдан бері жалақы ала алмай осы жанымыз қиналып, бала-шағамызды асырай алмай жүрген жағдайымыз бар. Ал, енді, осы мен сияқты дені сау азаматтардың бос жұмыссыз жүруі жараса ма?

Жалақы алмағандықтан тал суғарумен  таңын атырып жүрген Балтабек секілді осы ауылдың азаматтары түсірілім тобын көргеннен жанайқайларын жоғары билікке жеткізуге тырысты.

ДҮЙСЕНБАЙ ЗҰЛҚАШҰЛЫ, жұмысшы:

- «Мұнай-Оңтүстік» ЖШС жұмысшыларымыз, мына тұрғандар. Былтырғы жылдан бастап, жалақы-еңбекақымызды алған жоқпыз. Қазір жеті-сегіз ай болды. Ендігі жағдай мүшкіл.

АМАЛБАЙ НЫСАНБАЕВ, Жұмысшы:

- Басшылар қазір қоқан-лоқы көрсетіп жұмыстан шығыңдар деген әңгіме айтып жатыр. Ал, жұмыс істейтін месторождениеде қазір жұмыс жүріп жатыр. Басқа наюмный жұмысшылар жалдап қойған. Жасататын болса мына рабочыйлар тұр ғой, мына жерде. Жасатуларына болады ғой. Жатырмыз сегіз айдан бері.

Еңбекақыларын ала алмай ашынғандардың айтуы бойынша жалақы алмаған 40-қа тарта жұмысшы бар екен. Ал, «Мұнай-Оңтүстік» жауапкершіліг шектеулі серіктестінің басшылығы болса, азаматтардың жалақысын беріп жатырмыз деп ақталды.

ӘДІЛ БЕКЗАТОВ, «Мұнай-Оңтүстік» ЖШС басшысы:

- Көп жағдай табиғат жағдайына байланысты болды. 2015-2016 жылдың қысы жылы болғандықтан, Каспий теңізінің деңгейі көтеріліп, апатты жағдай туындаған соң, бізге мұнай өндіру қауіпті болды. Соған қарамастан, қолымыздан келгенше төледік.  Қазір құрылтайшылар мен демеушілердің арқасында 2 айдың жалақысын төледік.  Қазір өндірісті қайта қалпына келтуіге тырысып жатырмыз.

- Маңғыстау облысына қарасты «Мұнай-Оңтүстік» ЖШС мұнайшылары жарты жылдан бері жалақы ала алмадық деп, жанайқайларын жеткізді. Айтуларынша алты айдан бері айлық көрмедік деген ашуға булыққан ағайын барар жер, басар тауымыз қалмады деп мұңдарын шағады. Ендігі жерде мәселе түбегейлі шешімін таппаса Астанаға арыз жөнелтеміз деп отыр.

Қатысты Мақалалар