Алматылық отбасы сот орындаушылар келгенде газ балонын жарып жібермек болды

/uploads/thumbnail/20170709043446019_small.jpg

Астанадағы Мейрамовтар сияқты Алматылық тағы бір отбасы сот орындаушылар келгенде газ балонын жармақ болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Алматының барлық күштік құрылымдары аяғынан тік тұрып, өзімен бірге үйді де  жарып жібермек болған азаматты мәселені дүйсенбіге дейін қайта қараймыз деп райынан әзер қайтарып алды. Оқиға орнына жедел жеткен түсірілім тобына,  тұрғындар үйімізден айырылып қалудың алдында тұрмыз деп мұңын шақты.

Жеке сот орындаушылар үйді босатуға осымен екінші рет келіпті. Тұрғындар баспананы бермеуге әрекет жасағаннан кейін прокурорлар істі қайта тексеру үшін үш күн мұрсат берді. Ал үйдің тұрғындары осыдан бірнеше жыл бұрын үстеме пайызбен ақша алу мақсатында үйді кепілге қоймақ болған. Алайда келіскен адамдарымыз өзімізді тақырға отырғызды дейді. Айтуларынша, үйдің құжаттары да сол кезде басқа біреулердің атына ауысып, одан кейін бірнеше рет сырттай сатылып та кеткен. Үйден айырылсақ, шиеттей балаларымызбен далада қаламыз ба деп шарасы таусылған олар қалалық,  аппеляциялық сотқа арызданыпты.

- Біз сіздерге көмектесеміз несие шығаруға деп істегендері осы. Cотқа олардың өздері де келген жоқ. Ол кезде өзім науқастанып ауруханадан шыққанмын. Мына даңғарадай үйді су тегінге бере салу сұмдық қой. Бала-шаға, немерелеріміз бар, - дейді үйдің тұрғыны Гүлбаһрам Қадырова.

Қатысты Мақалалар