Мұхтар Шаханов: Жер туралы шындықты айтқан Макс Боқаев пен Талғат Аян бостандыққа шықсын (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709043527082_small.jpg

Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында ақын Мұхтар Шаханов осындай ұсыныс тастады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Жер туралы шындықты айтқан Макс Боқаев пен Талғат Аянды түрмеден босатуды талап етеміз», - деген Мұхтар Шаханов жер иелері, жалға алушылар туралы ақпараттарды жария ету туралы да ойын айтты.

«Жердің ірі иеленушілері туралы ақпарат мемлекеттік құпия қатарына жатады. Ол туралы арнайы заң бар. Жер иелері туралы ақпарат олардың келісімімен ғана жарияланады екен. Еліміздің үлкен қалталылары, үлкен ұрылары өз жағдайларын жақсы қарастырған екен. Ондай әділдік, абыройдан жұрдай заңды о дүниеге аттандыру керек. Мәселен, барлық таулардың етектері, шұрайлы жерлері үлкен билік басындағылардың жақын туыстары, інілері, қыздары жекешелендіріп алған. Егер ол мәліметтер жарияланса, миллион гектар жер иеленген Терещенконың өзі далада қалуы әбден мүмкін. Бұл тұрғыдағы шындық ашылмай елімізді үлкен қауіпке бөлеген жер мәселесінің шешілуі мүмкін емес», - деді Мұхтар Шаханов.

Қатысты Мақалалар