Атырауда өтіп жатқан жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында сөз алған жазушы Рақымжан Отарбаев осылай деді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Тағы бір маңызды мәселе – үш тілде оқыту жайы. Ағылшын тілі түгілі, ауылдан шықпаған, орыс тілін де білмейтін адамдар бар. Оған да халық наразы. Ертең үштілділік енетін болса Атырау тағы митингіге шығады», - дейді Р. Отарбаев.