Париж түбіндегі Валь-д'Уаз қалашығы бүгін түнде өртке оранды. Бұл туралы «Сегодня.ua» хабарлайды.
Ақпараттарға қарағанда елуден астам адам көшедегі көліктерге өрт қойған. Сондай-ақ бірнеше ғимаратты алау шарпыған. Тәртіп сақшылары түні бойы қаскөйлерді ұстаумен айналысқан. Тәртіпсіздіктердің шығуына полиция бөлімшелерінің бірінде қара нәсілді азаматтың мерт болуымен байланысты көрінеді. "Россия 24" телеканалының хабарлауынша бұл азамат полицияға бауырының ісіне бонйыша шақырылған. Қара нәсілді азаматтың туыстары жігітті өлімші етіп сабаған деген пікірде. Алайда медициналық сараптама нәтижесінде денеден ешқандай азаптау белгісі табылмаған.