Әлемде қанша террорист бар?

/uploads/thumbnail/20170709043739099_small.jpg

БҰҰ радиосының ақпараттарына сәйкес, жұма күні журналистердің алдында сөйлеген сөзінде БҰҰ-ның антитеррорлық комитетінің атқарушы директоры Жан-Поль Лаборде биылғы рамазан айында  «Ислам мемлекеті» ұйымы 16 мемлекеттің аумағында жасаған 393 террорлық оқиға тіркелгенін жария етті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бүгінде дүниежүзінде 100 мемлекеттен шыққан 30 мың террорист бар екен. Осынша санды террористердің әлем үшін үлкен қауіп екені сөзсіз. «Терроризм қаупі тұрақты әрі өкінішке орай, реалды күйінде қалып отыр» деген Жан-Поль Лаборде, бұл қатермен әр мемлекет жеке күресе алмайтынын да еске салды. «Ислам мемлекетінің»  әскери жеңілісіне террорлық әрекеттердің жүзеге асуы мен ұйымның мүмкіндіктері  тәуелді емес. «Ислам мемлекетімен» әскери құрылым ғана емес, террорлық топ ретінде күресу қажет» деді, комитет жетекшісі. Жан-Поль Лаборденің айтуынша, жуық арада бұл ұйым тарапынан тағы да террорлық жарылыстар жасалуы әбден мүмкін. 

Қатысты Мақалалар