Ереванда тағы екі полицей тұтқыннан босатылды

/uploads/thumbnail/20170709043740552_small.jpg

Армения полициясы кепілге алынған полицейлерді босату туралы келіссөздерді жалғастыруда, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ұзақ уақытқа созылған келіссөздер нәтижесінде кепілге алынған екі тәртіп сақшысының босатылғандығы туралы Арменияның ұлттық қауіпсіздік қызметі  хабарлаған. Еревандағы полиция бөлімшесінің ғимаратын 17 шілдеде қарулы топ басып алып, қаруды заңсыз сақтады деген айыппен қамалған оппозициялық ұйым кординаторы Жирайр Сефилянды босатуды талап еткен. Полиция бөлімшесіне шабуыл кезінде бір тәртіп сақшысы мерт болып, алтауы жараланған. 18 шілдеде қарулы топ басып алған бөлімшеден екі тұтқын босатылды. Бөлімшеде кепілде отырған әлі төрт полиция қызметкері бар. Шабуыл жасалған күні Ереванның орталығындағы Бостандық алаңында полицейлер ондаған адамды ұстаған. Олардың арасында оппозиция белсенділері де бар.

Қатысты Мақалалар