Трамвайға найзағай түсті

/uploads/thumbnail/20170709043952382_small.jpg

Павлодар қаласында күтпеген оқиға орын алды. Күндізгі сағат үштердің шамасында табиғат тосын мінез танытып, күн күркіреп, найзағай ойнайды. Кенет қатты күркіреген күнмен бірге жолаушылар трамвайына жай түскен, – деп хабарлайды Qamshy.kz BAQ.kz – ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар қалалық трамвай басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Олардың айтуынша «Найзағай трамвайдың электр құрылғысына түсіп, от ұшқындады. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, тұтанған өртті дереу өшірді», - дейді. Абыройболғанда жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпеген.

Дәл осы уақытта жаңбыр да толассыз жауып, қала көшелерін суға толтырған. Қала көшелерін судан тазарту үшін 7 көлік жұмылдырылған.

«Біздің бригада қазіргі кезде су көп жиналған жерлерде жұмыс жасап жатыр», - деп хабарлады ТКШ бөлімінен.

Қатысты Мақалалар