Берік Уәли жіберген домбыра Бай-Өлкедегі баланың қолына тиді (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709044011976_small.JPG

Моңғолияның Бай-Өлкесіндегі апаттан зардап шеккендерге Қазақстаннан жіберілген материалдық көмек апат орнына жетті. Оның ішінде журналист Берік Уәлидің домбырасы да бар, – деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы блогер Жанарбек Ақби әлеуметтік желіде жариялады.

«Баян-Өлгейдегі селден зардап шеккендердің фотосын ғаламторға шаштық. Басты мақсат ел болып қиналған ағайынға көмек қолымызды созсақ деген игі тілек еді. Солардің ішінде домбырасы шағылған Олжастың фотосы да ғаламторды шарлап кетті. Фото көптің назарын аударды. Танымал журналист Берік Уәлиді де сынған домбыраны құшақтаған балақайдың фотосы бей-жай қалдырамаса керек. Баян-Өлгейге селден зардап шеккендерге қаржысын да ұсынып үш жасар Олжас балақайға жаңа домбыра алып беріп жіберіпті», - деп жазылған әлеуметтік желі парақшасында.

Естеріңізге салсақ, 10 шілде күні Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында су тасқынынан 100-ден астам үй қирап, 700-шақты адам баспанасыз қалған болатын. Осы оқиғадан зардап шеккендерге Қазақстан азаматтары материалдық көмек ұйымдастырды.

Қатысты Мақалалар