2015 жылы 12 желтоқсанда Талдықорған қаласы Көксу ауданында әуесқой «Самға» жастар театры аудан әкімшілігі мәдениет саласының қолдауымен құрылып, жетекшісі ретінде Амангелді мәдениет үйінің директоры Фатих Ақынұлы тағайындалған болатын.
Арнайы іріктеу арқылы жинақталған театр құрамы алғаш рет өткен былтыр 29 желтоқсанда Көксу ауданында Ақыт Үлімжіұлының «Шолақ қол әйел» қиссасы желісіндегі алғаш қойылымының тұсауын кесті. Ғибратты қойылым ел жүрегін тебірентті және әзіл ысқақтар да ел көңілін көтеріп, асқақ әндер шырқалды. Өздіктерінен тың бастама шығармалармен тұсау кесер өткізген өнерпаздарға аудан басшылығы әры қарай қолдау танытатындары айтылды. Мықтыбек Рақымбек деген азамат қойылымды жоғары деңгейде болғанына разы болып, облыста өткізуіне қаржылай көмек берді.
2016 жылы қаңтарында театр облыстық Ілияс Жансүгіров сарайында режиссер Мұса Әжібековтің көмегімен белгілі драматург Лиа Игембердиеваның шығармаларымен кеш шымылдығын ашты. 700 адамдық зал лық толы, көрермен қолдаулары көздерінде оты бар театр жеткіншектерін қанаттандырып жіберді. Кештің құрметті қонақтары мәдениет майталмандары мен театр өнерінің ардагерлері оттай лаулаған жеткіншек әртістерге қатты таң қалысты. Аз уақыт ішінде мұндай шығармаларды сіңіріп, қойылым рөлдерін жоғары деңгейде орындауларының сыры табиғи талант екендерін жарыса айтып мадақтасты. Болашағынан зор үміт күттіретін театр болатынына сенімдерын айтты.
Ары қарай жақын аудандар мен ауылдарды аралап қойылымдарын жалғастырған театр өнерпаздары қосымша, облыстық, республикалық ән байқауларында да бас жүлде, біріншы орындарды иеленсе, аудан облыстық ақындар айтысында да бас жүлде, бірінші, екінші, үшінші орындарды бермей келеді. Өкінішке орай, қаржылық дағдарысқа байланысты Көксу ауданы театрды қаржылай жағынан, киім жағынан көмек көрсете алмайтынын айтып уақытша тоқтату туралы шешім шығарды. Және заң бойынша штат алуға екі жыл кетеді, екі жыл бойы қаржыландыру мүмкін емес және жұмыс жүргізу заңсыз болатын көрінеді. Үкіметке тіремейміз деді.
Фатиқ Ақынұлы өрімдей өнерпаздардың бұлай далада қалып қалуына күйініп облыстық шығармашылық орталығынан да барып кеңес сұрады. Бәрі де бірден штат берілмейді, екі жыл күтуді айтты жане қаржыландру мүмкін емесін түсіндірді. Қазіргі таңда бұл театр өздігінен талаптанып әрбір мекемелерден уақытша орын сұрап алып, әр жерде дайындықтарын жасап, қойылымдарын қойып, күндерін көруде. Фатиқ Ақынұлы уәде берген театрына бастамашы болып жүгіріп жүріп, өз қызмет орнынан да талай рет ескерту сөгістерін алып үлгерді. Кейде театрдың қажеттіліктерін алу үшін азғантай айлығын да салып жүрген жайы бар. Талай данышпандар «Таста қайтесің, қызметіңді істеп жүре берсеңші» дейді. Бірақ таудан аққан тас бұлақтай қайнап шыққан балаларды қараусыз қалдырып кеткенім адамгершілік емес қой, олар алғаш келгенде бірінші Аллаға, екінші маған сеніп келді, осы арадан өнермізді дамтысақ деді, енді қара басымның қамы үшін уәде бұзсам адамгершілік болмас деп өзіне жеке қалған театрымен бірге қиындықты күндерді бірге өткізуде. Армандары шіркін киім-кешек жағынан дайындықтарын жүргізетін орын жағынын қолдаулар болса аз да болса, демеушілік болса, бұл өнерді жалғастыруға барын салғысы келеді. Амал не, қысқа жіп күрмеуге келмей-ақ жүр, әйтпесе, өскелең ұрпақтың рухани жетілуіне, мәдени мұраларымызды сахна төрінен насихаттауға құлшыныс зор.
Ерлан Төлеубай