Алматыда еріктілер тауып алған жадынан айырылған жігітті анасы іздеп келді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл туралы Сафар Шакеевті іздеу барысында ақыл-есінен айырылған жігітті тауып алған еріктілердің бірі, белсенді Бекнұр Қисықов Фейсбук парақшасында жазды.
-Бүгін жақсы хабар болды. Сафар Шакеевті іздеп жүріп, кездейсоқ табылған жігіт анасымен қауышты. Жігіттің есімі - Махмұд Алинов. Анасы Семейден келді. Енді Сафар Шакеев те аман-есен табылса екен дейміз. Оның тілеуін тілеп алыс-жақын шет елдерден де хат жазып жатқандар бар, - деп жазды Қисықов.
Айте кетейік, анасымен қауышқан науқас жігіт №7 ауруханада жатыр. Оны көлік қағып кеткен. Амнезия. Жасы шамамен 30-да.