Сафар Шәкеевті полиция тікұшақпен іздеуге кірісті

/uploads/thumbnail/20170709044443074_small.jpg

Алматы полициясы 16 шілдеден бері іздестіріліп жатқан Сафар Шәкеевтің табылмағанын, іздеу жұмыстарына тікұшақ тартылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Іздеу топтары қаладағы Есентай өзенінің арнасын тексеруді жалғастыруда. Іздеуге қосымша күштер де жұмылдырылуда.

«Қазір әуеге бейнабақылау камераларымен жабдықталған авиация техникасын көтеруге дайындалып жатырмыз. Тікұшақ Алматы облысының аумағының үстінен ұшып өтеді. Осылай бізде Есентай өзенінің төңірегін толық зерттеуге мүмкіндік туады. Бұған дейін біз жоғалған жігітті полиция атпен іздеуге кіріскенін хабарлағанбыз. Қазір бес атты полицей тау бөктерін шолып жүр. Сонымен қатар, сүңгуірлер де іздеу жұмысына жұмылдырылған», - дейді Алматы қаласы ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы, іздеу шараларының жетекшісі полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.

Естеріңізге салсақ, Алматы қаласының 1991 жылы туған тұрғыны С. Шәкеевтің жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ІІБ-ге 16 шілде күні кешкі ондар шамасында түскен болатын.

Қатысты Мақалалар