Әсет Найманбаев атындағы «Інжу-маржан» ІІІ республикалық дәстүрлі әндер байқауы аяқталды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған байқаудың үздік әншілері анықталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Байқау қорытындысы бойынша Алматы, Ақтөбе және Үржар ауданының өкілдері 3-ші орынға ие болды. ІІ және І орындарға шығысқазақстандықтар қол жеткізді. Ал бас жүлдеге Ақмола облысының өкілі Асқар Мұқият ие болды.
ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысушыларға байқауға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ол келесі жылы Әсет Найманбаев туғанына 150 жыл болатынын айтты.
Үржар ауданы әкімшілігінің ұсынысымен Ә. Найманбаев атындағы әдеби-мемориалдық музей меңгерушісі Әбен Тайғынұлына Үржар ауданының құрметті азаматы атағы берілді.
Шара гала-концертке ұласты.