Он алты жастағы Айдана Қахарман 28 шілдеде жоғалып кеткен. Жасөспірім көркем сурет мектебіндегі сабағынан шыққаннан кейін үйіне оралмаған. Көрген-білген ешкім жоқ.
Айдананың бойы шамамен 170 см, орта денелі, қысқа шашты. Ол сол күні қара түсті шорты мен ұзын кардиган киген.
Сіңілісінің жоғалып кеткені туралы әлеуметтік желіде әпкесі Айнұр Қахарман жазды.
"Егер сіз менің сіңілімнің туралы, оның орналасқан дері туралы қандай да бір дерек білсеңіз, 102 немесе 8-747-722-33-26 нөміріне хабарласуларыңызды өтінеміз" деп жазды әпкесі Айнұр.