Әнші Маржан Арапбева өзгеге кеткен "сүйіктісін өртеп жіберді", - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Маржан Арапбаеваны тағы бір сүйіктісі тастап кетті. Бұл жолы шынайы өмірде емес, әншінің кезекті бейнебаянында оқиға желісі осылай өрбіді.
Әншінің ынтық болған ер адамы өзге арумен қол ұстасады.
Жанын қызғаныш кернеген Маржан сүйіктісін әйелмен бірге өртеп жібереді.
Әншінің "Сол ма?" атты жаңа әніне түсірген бұл бейнебаянының тұсауы кеше 7 тамызда кесіліп, бейнебаянды бір күнде 3 мыңға жуық адам қарап үлгерген.
Бейнебаянды тамашалаушылардың пікірі әдеттегідей екіге жарылып, бірі "сапалы ән, сапалы клип" екенін айтса, енді бірі "сюжеттің қарапайым" екенін, "өртеп жіберуден басқа идеяға өсе алмағанын" айтып талқылауда.