Ғани Қасымов жалаңаш түскен суретін әлеуметтік желіге неге жүктегенін түсіндірді

/uploads/thumbnail/20170709051528938_small.jpg

ҚР президенттігіне экс-кандидат, қоғам қайраткері Ғани Қасымов өзінің жуынып шыққаннан кейінгі фотосын желіде жариялауы Қазнетте қызу талқыланды.  Instagram парақшасына жүктелген фотосынан кейін 66 жастағы саясаткерге әйелдер қауымы пікірді үйіп төккен. 

Ғани Қасымов Informburo.kz тілшісіне осы жайтқа қатысты сұхбат берді, - деп хабарлайды  Qamshy.kz.

Бұл суретке түсердің алдында саясаткер достарымен бассейнде болған. Ол содан кейін киінетін бөлмеде селфи жасаған. Ол бұл әрекетімен қоғамдық моральды бұздым деп санамайды. 

«Қазір 60 жастан асқан ерлер жаппай шеруге шыққандай. Мысалы, Путин мырза көлікте және балық аулағанда жалаңаш отыра береді. Италиялық бір милионер жұбайымен бірге яхтада билей береді, ал бізді бәрі үндемейді» - дейді Ғани Қасымов. 

Ғани Қасымов әлеуметтік желіде фотосына теріс пікір айтқандардың бәріне жауап берді. 

«Бірінші кезекте не үшін талқылайды? Мұндай жаста өзін-өзі осылай ұстауын айтады. Айтатын ештеңесі жоқ, мен жігіттермен бассейнге түстім, онда бәрі іш киіммен болады, - деді Ғани Қасымов. – Ал мен бұл фотода штанда болдым. Ер адам іш киімде болғанда әйелдер үйреншікті жағдай емес деп жаза бастайды. Үйреншікті болмайтындай несі бар? Мен киінетін бөлмеде болдым. Жарты әлемге жар салатындай ештеңесі жоқ. Қыздар да, жігіттер де іш киіммен жүреді. Ал мен штанмен жүріп, сынға іліктім. Бұл менің көңілімді көтерді, әрине. Енді бір жағынан саясаткер мұнша шешінбеу керек деп жатыр. Бірақ мен үш жылдан бері зейнеттемін ғой», - дейді Қасымов. 

Ғани Қасымовтың айтуынша, жағымсыз пікірлердің басым бөлігі ер адамдар тарапынан жазылыпты. Ердердің жағымсыз пікірлері олар өзіндей жақсы формада сақталмағандықтан шығуы мүмкін деп топшылайды саясаткер. Қоғам қайраткері әрі саясаткердің айтуынша, ол қазір дене бітімін арнайы күтпейтін көрінеді, бірақ жас кезінде спорттық жаттығулармен көп айналысыпты. 

"Мен жас кезімде КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вадим Псаревпен бірге классикалық күреспен айналысқам, - дейді Ғани Қасымов. – Сосын Мәскеуге кетіп, жаттығумен айналысуды тастадым. Бірақ ұзақ жылдар бойы физикалық жайлы жағдайда болдым, аздап бокспен айналыстым. Қазір достарымызбен бірге тауға барып тұрамыз. Мен өзіммен жастыларды денсаулыққа көңіл бөлуге шақырамын", - дейді саясаткер. 

Қасымовтың суретіне пікір қалдырушылар оның жалаңаш кеудесінде көрініп тұрған масондық символ сияқты затты да сынға алды. Саясаткер оның ешқандайда қоғамдық құпиясы жоқ екенін айтады. Ол оған 16 жыл бұрын балалары сыйлаған қарапайым тұмар екен.

«Бұл мен үшін бағасыз қымбат зат, балаларым 50 жасыма сыйлаған сыйлық, - деп түсіндірді Ғани Қасымов. - Бұл бұйым Қазақстан зергерлер одағының төрағасы Ильяс Сүлейменовтің туындысы. Бұл бірегей туынды" деген қоғам қайраткері мұның ешқандай да масондық символ емес екенін айтады.

Қасымовтың бұл фотосы Қазнетте түрлі «ню» стиленде тарап та үлгерді. Мысалы, гангстер-рэпердің образы. 

Халық Ұятменінің бейнесін жасаушы суретші Мұрат Ділманов кезекті карикатурасын салды. 

Ал Фейсбук қолданушысы Руслан Түсіпбеков Қасымовтың жалаңаш кеудемен түскен фотосын жартылай жалаңаш жарнама жасаған Әсел Баяндаровамен қатарластырып қойды. 

Саясаткер әрі қоғам қайраткері Instagram желісінің арқасында ел назарына жиі көрініп қалады: саясаткер онда түрлі образдарға енеді.

 

Қатысты Мақалалар