Қырымның Украиннан оңай бөлінуі Ресеймен шегаралас біраз халыққа ұйқы бермей жатыр. Бәрінің көксегені айғай-шу көтеріп қазақты ПРОВОКАЦИЯҒА итермелеу (оның соңы немен аяқталатынын Луганск пен Донецк көрсетіп жатыр). ПРОВОКАЦИЯ жүзеге асса "южане нас убивают, ущемляют по яз.принципу" деп шулай жөнелмек. Сол үшін Жарылқап ағаны және "Аңыз Адамды" барынша қорлай бермек (қазақтар көтерілмегенше), бірінші "журнал жабылсын", "енді митинг" дейді, сосын сот! Қазақ ол кезде де көтерілмесе отқа өртейтін шығар!? Бұның алдын Тайчибековты, Лимоновты, сосын Жириновский жіберді, кейін Штығашевты айдап салды, енді олар біздің "Аңыз Адамды" оқи бастапты! Қазақты көтеру үшін, айғай-шуды бастау үшін тағы қандай қадамға барар екен?! Осындай жағдайда бар таңым біздің билікке, әдетте "ұлтаралықты" мықты сақтап, кез-келген шуды оңай басатын олар неге қазақты ашындыра береді!? Қысқасы, ПРОВОКАЦИЯҒА БЕРІЛМЕЙІК! Мен ұлттар достығына сенемін! Бастысы Қазақстандағы қазақ пен орыс дос болса болды! Берік болайық, арбауға көнбейік!
Орынды сұрақ туындайды: "Енді не істеу керек?". Намысымыз тапталып, жағамыз жаттың уысында тұрғаны һақ. Жардан құлап бара жатқан Ресей бізді сол жаққа сүйреп кетпеу үшін қандай қадамдар керек? Бір сөзбен осы сұраққа жауап бере алмасымыз тағы шындық. Сол себепті әлі көп ақылдасу керек. "Күлтөбенің басында күнде жиын" керек сияқты бүгінгі қазаққа. Біз соғыстан, ұлт үшін өлімнен қашпаймыз, қару ұстау қанымызда бар.