Қай елдерде әйелдер сүндеттеледі?

/uploads/thumbnail/20170709064222568_small.jpg

Қыздарды сүндеттеу –  жыл сайын  әлемнің 30 елінің 84 миллион әйелі зардап шегетін дәстүрлі ритуал. Ең көп Африкада таралған, Азия мен Латын Америкасында да жиі кездеседі.  Бұл елдің эмигранттары басқа елге барса да бұл дәстүрден айныған емес. Соңғы 10 жылда  мұндай оқиға Бpитания, Фpанция, Геpмания және АҚШ пен Финляндияны қосқанда дамыған  бес елде тіркелген.

   

  

Британияда әйелдер сүндетіне ресми түрде 1985-ші жылы тыйым салынды. Бірақ, ірі қалалардағы  афроазиялық қоғам әлі күнге дейін қыздарын құрбан қылуды жалғастыруда. Дәл қазіргі таңда мұндай қауіп 10.000  қызға төніп тұрса, жаңа эмигранттар келуімен олардың саны күн санап өсуде. Дегенмен, нақты санын ешкім дөп басып айта алмайды, себебі операция құпия түрде немесе елден аулақ жасалады.

   

Түркия

Бұл дәстүрге түрлі түсінік беруге болады, бірақ  басты себеп -  қыздың  «пәктігі» мен «тазалығын» сақтап, сексуалды белсендігін жою.   Оның үстіне, сүндеттеуді қолдайтындар әйел қынабы бала босанғаннан кейін де созылмай, ерлер үшін ләззаттың көп болуына әсер етеді деп санайды.  

 Екінші бір себеп- діни наным-сенім. «Ата-анамыз бізге Құдайға жағу үшін дінде жазылғанның бәрін орындау керек», - деп үйреткен дейді Сомалилық қыз. Соңғы кездері көптеген мұсылман қыздар Құранда Інжілдегідей әйелдер сүндеті жайлы ештеңе жазылмағанын біліп, таңданып жүр.

Осыған қарамастан миллиондаған әйелдер өздерін, қыздарын бұл азапқа ерікті түрде апаруда.  Олар ата-баба дәстүрі деп хроникалық асқынған ауру, инфекция, ет өсу, абсцесстер, етеккір қанының ішекке кетіп қалуы,  жынысты салқынқандылық пен ешқандай ләззат сезінбеу, күйзеліс сынды айта берсең бітпейтін ауруларға ұшырауда. 

Сүндеттеудің ең көп тараған түрі (клитордектомия), яғни клиторды алып тастау. Мұндай аяусыз және аса ауыр рәсім Африка континентінің көптеген бөлігінде әлі күнге дейін бар. Еуропада 50-ші жылдары «шамадан тыс» мастурбациямен күресудің әдісі болған.  

 Африкада мұны әйелдің «тазаруы» деп санайды.  Кей аймақтарда ер адамға «сүндеттелмеген әйелдің баласы» деп айту өліммен тең».

  

 Сүндеттеуді қолдайтындар Мұхаммедтің хадисінен мысал келтіріп, пайғамбар оны бәріне міндеттеді дейді, айтылған хадисте былай делінген: «Егер, сендер сүндеттелмеген болсаңдар ( жатыр ернеуі немесе шеткі тән) дәрет алғаннан кейінде  таза сыртқы жыныс ағзасына ие бола алмайсыңдар. Егер, «таза емес» ағзамен Сендер дұға етер болсаңдар, сендердің дұғаларыңды Алла естімейді», -делінген дегенді алға тартады. Дегенмен, Қасиетті құранда клиторды алып тастау жайында ештеңе жазылмаған.   Ислам ғалымдары мұны ескіліктің қалдығы деп санайды.

 Бұл дәстүр әдетте тойдан кейін болады, әулеттегі әйелдердің ең үлкені,  тәжірбиелі кейуана  көлденең тілік жасап, кейіннен қынапқа керек көлемге дейін оны созу үшін  ағаш цилиндр салады.  Бұл цилиндр  екі апта бойы сол орында тұрады. 

  

Египетте әлі күнге дейін 7-8 жастағы қыздарға бұл процедура жасалынады. Жақында ғана жасалған зерттеу бойынша, оқымаған,көзі ашық емес  97% отбасының 66%  осы дәстүрді  практикада қолданып жүр.

«Шекарасыз дәрігерлер» мәліметінше  200 судан жезөкшесінің 170-і  «сүндеттелген» болып шыққан.  Ол жақта неке түні ер адам тігілген әйел «жатырының ернеуін» пышақпен тіліп, оның «пәк» екеніне көз жеткізеді.

 

"Сүндеттеу өміріңде үлкен жара қалдырады» - дейді 24-жастағы Шари. Ол Англияға келіп, ағылшын жігітіне шыққан кезде небәрі 17 жаста болған. Некелері осының кесірінен бұзылған.

"Мен 14 жасымда клитордектромияның құрбаны болдым. Үйленген барлық уақытымда  ешқандай төсек ләззатын сезіне алмадым. Күйеуім сүндеттелгенімді білмес үшін бәрін де жасанды жасайтынмын. Біздің масаи тайпасында өте кеш сүндетке отырғызады. Мен той алдында акушер кәрі әйелге өзім келдім. Ол қарапайым пышақпен, ешқандай анастезиясыз жасады. Қатты ауыр болғанымен, масаи тайпасындағылардың жылауына болмайды.

 

 Сомалилық ақынның «Әйелдің тағдырында үш мұң бар- сүндетке отырғызылған күн, неке түні және тұңғышының өмірге келуі» -дейді. «Неке түні ең  азапты түн. Ер адамның сайманы жыныс мүшеңе кіре алмай, қиналасың.  Дәрігерге бару масқара болып саналғандықтан,  шыдамы жетпеген еркектер қарапайым пышақпен тіле салады»,- дейді Сомалилық Лао есімді әйел.

 Мали мен Солтүстік Нигерияның этникалық топтары әйел жыныс ағзасын «жиіркенішті» деп санап, оларды  эстетикалық сұлулығы жоқ деген сылтаумен толықтай  алып тастайды.  Жыл сайын әлемде адами құқығы тапталатын әйелдердің саны қарқынды өсуде. Ең кең таралғаны тұрмыстық зорлық -зомбылық пен мәжбүрлі түрде сүндетке отырғуы болып отыр. 

 

Қатысты Мақалалар