Қазақ фотожурналистикасының ардагері Нұрғожа Жұбанов дүниеден өтті

/uploads/thumbnail/20170709065554408_small.jpg

Қазақ фотожурналистикасының ардагері Нұрғожа Жұбанов дүниеден өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Н.Жұбанов 1929 жылы, ақпан айының 12-ші жұлдызында Атырау облысында дүниеге келген.

1949-52 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери міндетін өтеген.
1956 – 1961жылдар аралығында С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы) Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша аяқтаған.

1961 – 2000 жылдар аралығында Республикалық «Қазақстан әйелдері», «Шалқар», «Қазақ елі», «Заман Қазақстан», «Ұлан» газеттерінде фототілші қызметін атқарған. 

Танымал фотожурналист Нұрғожа Жұбанов түсірген фотосуреттер кеңестік дәуірде еліміздің газет-журналдарында және шетел баспасөзінде жиі жарияланып отырды. Әр жылдарда Мәскеу, Канада (Монереаль), Жапонияда (Осоко) өткен көркемсурет конкурстарына қатысып фотожұмыстары жоғары бағаланған.

1989 жылы Мәскеуде өткен КСРО фотосуретшілер одағының сьезінде Қазақстан фотосуретшілер одағының бірінші хатшысы болып тағайындалған. 

Н.Жұбанов еліне сіңірген еңбегі үшін КСРО еңбек медалімен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесі грамотасы және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ол КСРО Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Қазақстанның Мәдениет қайраткері. 

Өмірінің соңғы күндеріне дейін «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің, ақылдастар алқасының төрағасы ретінде жастарға ақыл-кеңес, үлгі – өнеге тәжірибелерімен бөлісіп келді.

Қатысты Мақалалар