Бұл жөнінде өңір басшысы ҚР Президентінің тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу бойынша өткен кеңейтілген мәжілісте айтты. Сонымен қатар, жиында Шымкент қаласының әкіміне қаланың даму жоспарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласын агломерациялық орталық ретінде дамыту мақсатында және қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін облыстың аудандары мен Шымкент қаласының арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірістерін құруға байланысты меморандумға қол қойылады.
«Қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ететін аграрлық секторда шағын және орта бизнес белдеуін құруды тапсырамын. Сонымен қатар, жасыл белдеу құру мақсатында бақтар мен орман аймағындағы жерлерге толық тексеру жүргізу қажет деп білемін, - деді ол.
Сондай-ақ, Елбасының тапсырмаларына орай, өңірдің және аудан, қалалардың аймақтық даму картасы жасалады.
Айта кету керек, өсімдік шаруашылығының маңызды салаларының бірі — бақша шаруашылығы, дүниежүзі елдерінің барлығына дерлік тән. Жылдық өнімділігі 600 млн т, оның 70%-дан астамын Азия шаруалары өсіреді. Жоғары маманданған бақша шаруашылықтары ірі қала маңдарында шоғырланған. Ал жеміс-жидек шаруашылығы табиғат жағдайлары колайлы және көлік түрлерімен жақсы қамтамасыз етілген жоғары маманданған арнаулы аудандар құрайды. Бақша сияқты бұл да көп еңбекті қажет етеді.