ШҚО-да Пушкин атындағы кітапхананың стенд баяндамасы әлем бойынша үздік деп танылды

/uploads/thumbnail/20170709071103483_small.jpg

АҚШ-та өткен Дүниежүзілік кітапхана және ақпараттық конгресте Қазақстан кітапханасы алғаш рет доклад-постер ұсынды.  Олардың жұмысы бірден үздік деп танылды.

 «А. С. Пушкин атындағы ШҚО көшбасшылары - оқырмандар» стендтік баяндамасы ауылдық кітапхана онлайн-орталықтарының жұмысы жайлы.  Бұл жоба өңірде 2012 жылдан бастап іске асырылып келеді. Ол кезде БҰҰ Даму бағдарламасының техникалық қолдауымен және жергілікті билік органдарымен әріптестік негізінде ауылдық жерде 32 онлайн-орталық ашылған. Қазір олардың саны 45-ке жетті. Орталықтар жұмысының арқасында ауылдықтар компьютерлік сауаттылыққа үйреніп, электрондық үкімет порталымен танысып, мемлекеттік қызметтер мен онлайн-консультация алады.

Төрт жылда ШҚО кітапхана онлайн-орталықтары 40 мыңнан астам пайдаланушы тіркеді. Ауыл тұрғындары үшін 6,7 мың АКТ-тренинг, семинарлар өткізді.

ШҚО стендтік баяндама постері әлемнің әр елі ұсынған екі жүз жұмыстың ішінде үздік деп танылды. Делегация өз жеңісін ел тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнады.

Қатысты Мақалалар