ШҚО әкімдігінің сайтында бюджетті игеру туралы ақпарат орналастырыла бастады

/uploads/thumbnail/20170709071108561_small.jpg

Облыстық әкімдіктің ресми сайтында жергілікті бюджеттің негізгі баптарымен жаңа айдар пайда болды. 

Қолжетімді режімде бюджет қаражатын игеру туралы ақпарат ай сайын жаңартылып отырады, деп атап өтті ШҚО әкімінің орынбасары Қуат Тумабаев.

«Біз бюджет барша халыққа түсінікті болғанын қалаймыз. Бюджеттің орындалуы туралы ақпарат үнемі меморгандардың Интернет-ресурстарына орналастырылады, өңір тұрғындары бюджет қаражаты қандай шараларға жұмсалатынын білуі тиіс. Біз арнайы айдарды іске қостық, ол ай сайын жаңартылып отырады», - деді әкімнің орынбасары.

  2016 жылғы тамыздың басындағы көрсетілген диаграммада  қаражаттың басым бөлігі әлеуметтік салаға аударылғанын байқауға болады. Денсаулық сақтау саласына 37 пайыз, немесе 31,1 миллиард теңге. Осы қаражат аясында 406 мыңға жуық жедел жәрдем, шұғыл көмек шақырту ұйымдастырылды, 396 мыңнан астам адам тегін медициналық көмекпен қамтылды. 10,5 мыңдай адам жеңілдікпен дәрі алды. Жыл басынан бастап 11 мың адам вирусқа қарсы дәрі алды. 8542 адам сусамырға қарсы дәрімен қамтамасыз етілді.

ШҚО әкімінің сайтынан бюджеттің игерілуі туралы осындай ақпаратты табуға болады.

Қатысты Мақалалар