ШҚО әкімі: Құрбан айт мейрамы ел бірлігін нығайта түсетін мейрам

/uploads/thumbnail/20170709071118530_small.jpg

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жерлестерін Құрбан айт мейрамымен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сіздерді мұсылман қауымының ұлық мерекесі - Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел саясатының нәтижесінде дінаралық және ұлтаралық келісімнің жарқын үлгісіне айналған Қазақстан үшін Құрбан айтты мерекелеудің орыны ерекше. Бұл ізгілік пен мейірімді, қайырым мен қанағатты арттыратын, ұлт пен ұлысты ұйыстырып, ел бірлігін нығайта түсетін мейрам. Осы күндері көмекке мұқтаж жандарға көрсетілетін қолдау жүректерді жылу пен ризашылыққа толтырады.

Ардақты ағайын, баршаларыңызға бақыт, молшылық, ырыс-ынтымақ тілеймін! Сауапты істеріңіз бен ізгі тілектеріңіз қабыл болсын!», делінген хабарламада.

Қатысты Мақалалар