ШҚО Күршім ауданының прокуратурасы жер заңнамасы нормаларын сақтауды тексеріп, мемлекет бөлген ауқымды жер аумағының тиісінше пайдаланылмай, бос жатқанын анықтады.
Күршім ауданының әкіміне бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жасалды. Нәтижесінде мемлекетке алты айда жеті мың гектардан астам жер қайтарылды. Оның кадастрлық құны - шамамен 43 миллион теңге.
Айта кетейік, 2015 жылы Күршім ауданында прокуратураның араласуымен, жалпы аумағы 9 мың гектар, кадастрлық құны 33 миллион теңге болатын 23 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған еді.