Сұлтан Даниярқанұлы 1972 жылы Шыңжаңның Қорғас ауданында туылған, Қазір Қытай ғылым академиясы, Шыңжаң экология және география зерттеу филиалы, Кеңестіктен жер бетін өлшеу және жүйені символдау зерттеу бөлімінің қызметкері, доктор, магистратура жетекшісі. 1998-2001 жылдар аралығында Хыхай университетінде егістік жерлердің су істері кәсібін оқыған. 2001-2005 жылдары аталмыш университетте «Осы заман ауыл шаруашылығы су-топырақ құрылысы» мамандығын игеріп, докторлық қорғады.
Сұлтан 2008 жылы «Шыңжаң жас ғылыми қызметкерлері қоғамы» төрағасының орынбасары болып сайланса, 2010 жылы «Шыңжаң топырақтану ғылымы қоғамының» орынбасар бас хатшысы болып тағайындалған; «Құрғақ өңір географиясы», «Жаратылыстық ғылым», «Геология ғылымы ақпарат газеті», «Шыңжаң ауыл-шараушылық ғылымы» сынды белді басылымдарда редактор қызметін атқарды. 2012 жылы Қытай ғылым академиясы, Шыңжаң экология және география зерттеу филиалы, Іле өзені өңірінің экологиясын зерттеу пунктінің орынбасар бастығы міндетіне тағайындалған.
2009 жылы «Қытай-Жапон жастар және жасөспірімдер тәжірибе алмастыру жылы» аясында Жапонияда іссапарда болды. 2011 жылы Қазақстанда ашылған 4-кезекті «Бүкіл жершары энергиясы және экологиялық стратегияны баянды дамытудың «RIO-20in2012» бас қосу жиынына қатысқан; .
2011 жылы Францияда өткен 3 кезекті «Құрғақ және жартылай құрғақ өңірлердің су, экологиялық жүйесін баянды дамыту» халықаралық конференциясына қатысқан.
Ғылыми мақалалары:
«Жақынғы 40 жылдағы Тиянь-Шанның солтүстік беткейі ауарайының және экологиялық ортасының жершарының жылынуына болған әсері», «Жасыл алқап пен шөл дала арасындағы оңірдің GSVAC су, жылу тасымалын символдау жүйесі», «Тарым өзені төменгі ағары құмайттануының жер асты суына болған әсері», т.б.
Пікір қалдыру