Назарбаев отандық электромобильді сынап көрді (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709082233907_small.jpg

Бүгін, қыркүйектің 23 күні Нұрсултан Назарбаев Қостанай облысында іс-сапарда жүр. Ол бірқатар өндіріс орындарына барды, оның ішінде  автомобиль көрмесіне барып, Қазақстанда құрастырылған электромобильді тестілеуден өткізді,  -деп хабарлайды Qamshy.kz  Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Елбасы облыстағы өндіріс мекемелерінің басшыларымен кездесті.

 Ол бірнеше маңызды өндіріс жобаларын атап өтті. Мысалы, «Жас Қанат-2006» ЖШС (құс фабрикасы), -  мекемені жергілікті кәсіпкер қалпына келтірді.

Оның үстіне, президентті  ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын лисаковті, бірақ түп-тамыры канадалық «Дон Мар» ЖШС қызықтырды.  

«Біз Канадамен дос болуымыз керек, себебі біздің жерлеріміз ұқсайды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 Электромобиль көрмелері президенттің ерекше қызығушылығын оятты. Ұзақ баяндамадан кейін ол өзі рөлге отырып, көлікті тексеріп көрді.

Ақорда баспасөз-қызметі хабарлағандай, бұл электромобильдер Халықаралық арнайыландырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қойылады. 

Қатысты Мақалалар