Шымкентте бір отбасы тірідей өртке оранды. Кейін белгілі болғандай, отыз жастағы отағасы өзімен қоса, әйелі мен жеті жасар ұлын өртеп жіберген. Оның мұндай әрекетке баруына, жанұядағы жанжал себеп болған деген болжам бар. Отыз жастағы үй иесі, отбасындағы ұрыс - керістен кейін, бензинмен үйін жағып жіберген. Қазір, төтенше жағдайға тап болған отбасы мүшелері, ауыр халде аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Әйелі мен ұлының халі де өте ауыр. Есін жиған енесінің денесінің 22 пайызы күйіп қалған,- дейді дәрігерлер. Оған псилохологиялық көмек қажет. Айтуларынша, ауыр күйік шалған отбасы мүшелерінің жағдайы әзірге қиын. Оның үстіне мүгедек болып қалудың да қаупі бар екенін ақ халаттылар жасырмайды. Отағасының өз қолымен отбасын о дүниеге аттандырмақ болуына не себеп болғанын, қазір, құзырлы органдар анықтап жатыр. Дәрігерлер өңірде өзін - өзі өртеу оқиғалары көбейгенін айтады. Өткен аптада 30 жастағы азамат өзін -өзі өртеп, көз жұмған болатын.
"31" телеарна
Пікір қалдыру