Министр Бақытжан Жұмағұлов мырза ұйқыдан оянса керек...

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Жоғары оқу орындарына тықыр таянды. Биыл Университет атын жамылған бiлiм беру ошақтарының бiрсыпырасы жабылып, мемлекеттік оқу орындарына қойылатын талап күшейтілмек. Мұғалімдердің тең жартысы қайтадан арнайы даярлаудан өтеді. Бұл жөнінде Бақытжан Жұмағұлов бүгін, үкімет сағатында жасаған баяндамасында айтты. Сондай-ақ, білім берудің жаңа үлгісін енгіздік деген министр, бұдан былай ағылшын тілі бірінші сыныптан бастап үйретіле бастайды,- деп сүйіншіледі. Жұмағұловтың бұл жолғы баяндамасының үлгісі үш тілге негізделді. Министдің сөзінше, білім деңгейін арттыру үшін, ағылшын тілі 1-сыныптан бастап үйретіледі енді. Жоғары оқу орындарының барлығында, шет тілінде білім беретін арнайы бөлімдер ашылады. Сондай-ақ, бірсыпара мұғалім жұмыссыз қалуы мүмкін биыл. Кезінде лицензияны оңды-солды таратқан министрлік университеттердің қисапсыз өсуі білім берудің сапасына кері әсерін тигізетінін енді түсінсе керек. 30 бірдей жоғары оқу орнының жұмысын тоқтатып, саннан сапаға ауысамыз деді. Бірақ, Жұмағұлов мырза, дау-дамаймен аяқталған тест кезінде қыздардың ішкиіміне дейін тексерген мамандардың сорақы әрекетіне көп тоқталғысы келмеді. Сынақтың қатаңдығын айтып байбалам салғанша, ата-аналардың "шпаргалка" тасығанын неге айтпайсыңдар деп журналистердің өзіне тиісті тіпті.

БАҚЫТЖАН ЖҰМАҒҰЛОВ, БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ: -Мәселен Оңтүстік Қазақстан облысында ата-аналар туыстары сынақ кезінде терезені сындырып тастаған. 12-ден кешкі төртке дейін, балаларының қасында отырған, есепті бірге шешіп. Өткен жылы тіпті, Мәскеу-Алматы бағытындағы пойыздың жолын жауып тастаған. Білім министрлігі айтылған сын, түрлі дауға қарамастан сынақтың өз деңгейінде өткенін айтудан жалықпады. ҰБТ-ның көрсеткіші өте төмен болса да. Орташа баллдың өзі бар болғаны 70. Яғни, республика бойынша түлектердің үштен бірі жоғарғы оқу орнына түсе алмайды. «Алтын белгіге» үміттілердің көбі де ұстаздарының сенімін ақтай алмапты. Еліміз бойынша, 125 баллды тек үш-ақ оқушы иеленген.

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА, ҚР МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ: -Менің ойымша, тәртіп тым қаталдатып жіберген сияқты. Олар әлі бала ғой. Кім болса да, жүйкесі сыр беріп, абдырап қалады. Әрине, жаның ашиды. Қазіргі түлектерге қарағанда, біз әлдеқайда бақытты екенбіз бұрын бітіріп кеткен. Үкімет сағатында мұғалімдердің жалақысы да назардан тыс қалмады. Еңбекақы 2-3 есеге көтеріледі. Тек 2015-жылға қарай. Оған дейін 120 мың мұғалім, қайта даярлаудан өтеді.

Үкімет сағатында мұғалімдердің жалақысы да назардан тыс қалмады. Еңбекақы 2-3 есеге көтеріледі. Тек 2015-жылға қарай. Оған дейін 120 мың мұғалім, қайта даярлаудан өтеді.

"31" телеарна

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар