Суға кеткен 5 ер адам мен 3 баланың мәйіті табылды

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Республика бойынша бір тәулікте суға кеткен 5 ер адам мен 3 баланың мәйіті табылды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Еңбекші ауылында 02 өзенінде 18 маусым күні сағат 15.15-те суға түсу кезінде 14 жасар бала батып кетті. ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (3 адам мен 1 техника) сағат 18.38-де мәйіт судан шығарылды.

Талдықорған қаласының «Үйтас» саяжай қауымдастығында кеше сағат 13.00-де 2 жасар бала абайсызда арыққа  құлап, батып кетті. Полиция қызметкерлерімен баланың мәйіті жағаға шығарылды.

Ақмола облысының Атбасар қаласында, Жабай өзенінде 18 маусым күні сағат 19.59-да суға түсу кезінде 7 жасар бала мен 55 жастағы ер адам батып кетті. 19 маусымда сағат 02.00-де жергілікті тұрғындармен мәйіттер судан шығарылды.

Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы Подгородка кенті маңында Үй өзенінде 17 маусым күні сағат 16.00-де суға шомылу кезінде 46 жастағы ер адам батып кетті. Оның мәйітін судан жергілікті тұрғындар келесі күні сағат 18.00-де шығарды.

Маңғыстау облысының Ақтау қаласында, Каспий көлінде 17 маусым күні сағат 19.23-те суға түсу кезінде 19 жасар жас жігіт батып кетті. ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (10 адам мен 2 техника) 8 маусым күні сағат 16.40-та оның мәйіті судан шығарылды.

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Покровка ауылында Горбатое өзенінде 18 маусым күні сағат 04.15-те балық аулап жүрген 35 жастағы ер адам қайықтан құлап кетіп, суға батып кетті. ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің күшімен (4 адам мен 1 техника) сағат 08. 40-та ер адамның мәйіті жағаға шығарылды.

Солтүстік Қазақстан облысының Сергеевка қаласындағы Есіл өзенінде 18 маусым күні сағат 16.00-де суға түсу кезінде 50 жастағы ер адам батып кетті. Оның мүрдесі сағат 16.21-де шығарылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар