Қытайдағы жасырын фабрикада балалар күніне 19 сағат талмай жұмыс жасаған

/uploads/thumbnail/20170709164850805_small.jpg

Кәмелеттік жасқа толған балаларды жалдап, оларға 19 сағат жұмыс жасатқызған деген айыппен Қытайда киім тігетін жасырын фабрикалардың бірінде қызмет атқарған бригадир ұсталды деген ақпарт бүгін bbc.com сайтында пайда болған болатын. qamshy.kz сайты болған жайт туралы хабарды қазақшаға аударып, оқырман назарына ұсынуды жөн санады.

Қытайлық БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, лас, қараңғы жерде орналасқан фабрикаға жұмыс жасауға 13 жастағы балалар алынған.  Pear Video деген Қытай сайты Чашу қаласындағы фабрика желілері жайында алты минуттық бейнеесеп жариялады. Видеоны тасадағы журналист түсірген.

Жүргізілген зерттеуге сенсек, шеберханаларда Қытайдың әлеуеті төмен оңтүстік елді-мекендерінің тұрғындары жұмыс жасаған.

Балалардың жұмыс күні күн сайын таңғы 07:30-да басталған екен. Күндізгі норманы орындамай олар жұмыстан кете алмайтын болған. Кейде жұмыс күндері түнгі үште аяқталатын. Балалар айына 28 күн талмай еңбектенуге мәжбүр болған.

Фабрика иелерінің бірі жұмысшыларды 1000-3000 юанға (145-435 доллар) «сатып алғанын» айтты. Тағы бір бастық балалар ешқандай келісімшартсыз жұмыс жасап жатқанын хабарлады.

Журналистік зерттеудің нәтижесінде балалардың құжаттары мен ұялы телефондарын басшылық фабрикадан қашып кетпеуі мақсатында тартып алғанын анықтады.

Сюжет шығысымен қала билігі киім тігетін шеберханалардың жұмысына тексеру жүргізе отырып жоғарыда айтылған жасырын фабриканы тауып алды.

Аударған: Жазира Байдалы

Қатысты Мақалалар