АҚШ-та әр жылы қараша айының төртінші Бейсенбісі алғыс айту күні ретінде мерекеленсе, одан соңғы жұма күнінде «Қара жұма» ретінде жеңілдік науқаны дәстүрі қалыптасқан. Кезекті жеңілдік күнінде америкалықтар дүкендерге анталай жүгірді.

Жеңілдіктерден қапы қалмау үшін бір-бірімен жарысқан тұрғындар қалауындағы заттарды алу үшін тіпті дүкендердің сыртында ұзын-ұзын кезектерге тұрған.
Батыс елдеріндегі «Black Friday» науқанында дүкендер ғана емес, интернет арқылы сауда істейтін бизнес иелері де бір ауыздан қомақты түрде жеңілдік жасайды. Олар әдетте 30%-дан бастап 90%-ға дейінгі жеңілдіктер. Айта кетсек, Қазақстанда биыл бұл үрдіске ілесушілік байқала қоймады.
